Ақтөбедегі зауытта болған қайғылы жағдай: Бөлім мен цех басшылары қамауға алынды – Қазақстан жаңалықтары

0

Жұмысшылардың қазаға ұшырауына байланысты Ақтөбе хром қосылыстары зауытының № 4 цех бастығы, бөлім бастығы және учаске шебері ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

зауыт

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР ҚК 156-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Бұған дейін «гидроксил» химиялық заты болған 50 текше сыйымдылықты тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері бұзылды.

«Күдікті ретінде учаске шебері, бөлім бастығы және № 4 цех бастығы ұсталды. Барлық үш адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды», – деп атап өтті ПД баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта барлық сараптамалар тағайындалды, қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар, наряд беру журналдары мен лауазымдық нұсқаулықтар алынды. Одан әрі тергеу жүргізіліп жатыр.

Кәсіпорында қайғылы оқиға 28 мамыр күні болған. Резервуарға ыстық будың шығуы салдарынан 4 адам қаза тапты, тағы екі адам ауруханада ауыр халде жатыр. Кейін көз жұмғандардың біреуінің ағасы ұсталғаны белгілі болды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз