Ақтөбеде жанжалдасқан мектеп оқушыларының бірі ауруханаға түсті

0

Ақтөбедегі ең үздік дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты оқушыларының арасында төбелес болып, олардың бірі ауруханада жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

М.Құсайнов атындағы "Дарын" мектеп-интернаты

М.Құсайнов атындағы «Дарын» мектеп-интернаты

Оқиға 8 желтоқсан күні түскі мезгілде М.Құсайнов атындағы «Дарын» мектеп-интернатының 10″а» және 10 «ә» сынып оқушыларының арасында болған.

Жанжал интернатта жатып оқитын оқушы мен үйінен қатынап оқитын оқушы арасында кабинет туындаған. Салдарынан жарақат алған оқушы облыстық ауруханаға жеткізілген.

«Оқиға сенбі күні болды. Жарақаттың немен салынғаны әлі анықталған жоқ. Пышақ па басқа ма белгісіз. Екеуі де оқу үздігі, тәртіптері жақсы балалар. Зардап шеккен бала ауруханада жатыр. Жанжал туғызған оқушы үйінде. Себебі болған жағдай анықталып жатыр», – дейді мектеп директоры Гүлнәр Тәжіғалиева.

Жанжалдасқан балалар интернатта 5 сыныптан бері бірге оқиды екен.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз