Ақтөбеде он төрт адам қамауға алынды

0

Тәртіп бұзушылардың басым бөлігін дүкен иелері құрайды. Олар белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеп, төтенше жағдай режимін сақтауға немқұрайлы қарайды

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында төтенше жағдай  режимін бұзудың 111 дерегі анықталды. Оның ішінде 14 факті бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Төтенше жағдай режимі енгізілген соң, тәртіп сақшылары облыста заң бұзудың 111 фактісін анықтады. Оның ішінде 14 факті бойынша қамауға алынса, 58 жағдай бойынша айыппұл салынды. 8 адамға ескерту беріліп, 26 іс сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, тәртіп бұзушылардың басым бөлігін дүкен иелері құрайды. Олар белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеп, төтенше жағдай режимін сақтауға немқұрайлы қарайды. Нақтылай түскенде, бетперде кимей қызмет көрсететіндер де аз емес.

Оқи отырыңыз: Карантинді бұзғандар үшін жаза күшейтіледі – әділет министрі

Ал құқық қорғау өкілдерінің талдауына сүйенсек, 111 фактінің 101-і әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына, ал 10 факті 478-бапқа қайшы әрекеттер деп танылған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз