Ақтөбеде газ құбырын үйдің қақ ортасынан жүргізіп кеткен

0

Қала тұрғыны төрт жылдан бері осы құбыр желісін не істерін білмей жүр

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. Ақтөбелік тұрғын шенеуніктердің кесірінен үйінің құрылысын бітіре алмай отыр. Себебі, қала іргесіндегі ауылға газ құбырын тартқанда оны Баян Ешімованың шаңырағының қақ ортасынан жүргізген.

Қала тұрғыны төрт жылдан бері осы құбыр желісін не істерін білмей жүр. Биыл үйдің төбесін жауып, есік-терезесін бүтіндеп болуы тиіс. Себебі, мемлекеттен кезекпен алған жер болған соң талап солай. Бірақ оған құрылыс бөліміндегілердің жіберген қателігі қолбайлау, деп хабарлады КТК.

«Әкімдіктің ақшасына жүргізген. Бірақ үйдің ішінен тартуға болмайды ғой», – дейді ашынған Ақтөбе тұрғыны.

Газ құбырына зейнетақы қорынан 85 миллиард теңге бөлінбек

Қызылжар ауылындағы газ құбырын біреудің баспанасының қақ ортасынан өткізгендерін құрылыс бөліміндегілер білмедік деп отыр.

«Газ желісінің бар-жоғын білген жоқпыз. Оны құрылыс бөлімі 2011 жылы жүргізген. Сол газ құбырын жүргізген мекемені шақыртамыз. Ауыстыру мәселесін қарастырамыз», – дейді Ақтөбе қалалық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің бас маманы Ислам Ізбасқанов.

Енді әкімдіктегілер кезінде газ құбырын тарту үшін тендер ұтқан компанияны іздеп жатыр. Желіні өзгертуге тек солардың құқығы бар. Бірақ үй иесі әкімдіктегілер бұл жолы газ құбырын ауыстырмаса, еш ескертусіз өзім қиып тастаймын деп отыр. Ол кезде бүтін бір ауыл көгілдір отынсыз қалады.
  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз