Ақтөбеде екі түрлі шеруге келгендердің бір бөлігі ұсталды

0

1 наурызда түс кезінде Ақтөбедегі облыстық әкімдік алдындағы алаңда белсенділер екі түрлі шеру өткізбек болды. Бірі – «Шал, кет» деп саяси ұран көтерген адамдардан құралған шағын топ, екіншісі – шетел көліктерін тіркеу мәселесімен жиналған ондаған тұрғын.

Түскі 12.00 шамасында саяси ұран көтерген белсенділерді полиция топтасуына мүмкіндік бермей бірден ұстап әкетті деп хабарлады Азаттықтың Ақтөбедегі тілшісі.

Бір жігіт Әбілқайыр даңғылының ортасына шығып, «Шал, кет!» деп айқайлап еді, полиция қызметкерлері дереу ұстап әкетті. Оны көргеннен кейін адамдардың наразылығы арта түсті. «Бұларың не, не үшін ұстап жатырсыңдар?» деген араша түскен екі адам да ұсталды. Бірнеше әйел қолына ту ұстап, белсенді Дулат Ағаділдің суреті бар плакаттарды ұстап тұр еді, құқық қорғау қызметкерлері оларды да алып кетті.

Әбілқайыр даңғылындағы әкімдік орналасқан бөлікті полиция екі жақтан жауып тастап, автобустар мен өзге көліктерді жібермеді.

Өзін полицияның ұстап әкетпек болғанын айтқан жігітке айналасындағылар сөйлеуге мүмкіндік берген жоқ. Ақтөбе, 1 наурыз 2020 жыл.

Өзін полицияның ұстап әкетпек болғанын айтқан жігітке айналасындағылар сөйлеуге мүмкіндік берген жоқ. Ақтөбе, 1 наурыз 2020 жыл.

Ал алаңға жиналған екінші топ – шетелдік нөмірі бар көліктер мәселесімен келген тұрғындарды полиция ұстамады. Олар «біз мұнда саяси ұран көтеру үшін келген жоқпыз, билік шетелдік нөмірі бар көліктер мәселесін қашан шешіп береді?» деп айқайлап, «саяси ұран» көтергендердің сөйлеуіне мүмкіндік берген жоқ. Бір жігіт шығып келе жатқан кезде өзін полицияның көлікке салып әкетпек болғанын айта бастап еді, айналасындағылар тыйып тастады.

Шамамен 50 шақты адамның шағымын Ақтөбе облыстық әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов тыңдады.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз