Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлаған педофил 23 жылға түрмеге қамалатын болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбеде 9 жасар жеткіншек қызды зорлаған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ата-анасы екі досымен бірге 14 жасқа толмаған қызын зорлаған

Бұл туралы Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 27 наурызындағы үкімімен Саржан Құрманов жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып күш қолданғаны, зорлағаны, сексуалдық сипаттағы зорлық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотпен 23 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәріберушінің пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кеткені жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz