Ақтөбе облысында төрт адам көз жұмды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Жантүршігерлік жол апаты «Самара – Шымкент» тас жолында 23 ақпан, жексенбі күні болды, КамАЗ қарсы бетке шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 23 ақпан күні «Самара – Шымкент» тас жолының 915 шақырымында болды.

«Самара – Шымкент» тас жолындағы апат

39 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Sharan көлігімен соқтығысты.

«КамАЗ» жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен

Салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға түсті.

Төрт адам оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды өтінеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз