Ақтауда уланып көз жұмған үш жасар баланың өліміне қатысты жаңа дерек шықты – новости Казахстана

0

Ақтауда колбасадан дайындалған тамақ ішкен бүтін бір отбасы уланып, үш жасар бала қайтыс болды. Бүлдіршінге ажал әкелген астың маусым айында сатып алынғаны анықталды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Pressalert

Фото:Pressalert

Ақтаулық отбасы кешкі асқа көршісінен алған (ред: көршісі шұжықтың ескі екенін ескерткен) колбасаны жеген.

Әйел кісі колбасаны макаронмен қуырып, бүкіл отбасын тамақтандырыпты. Бұл күні тек үйдің үлкен қызы ғана кешкі астан бас тартқан.

Отбасы мүшелері біраз уақыттан соң өздерін нашар сезінеді.

Ең алдымен үш жасар баланың жағдайы күрт нашарлай бастаған. Ол жедел жәрдем қызметі келемін дегенше, қайтыс болып кетіпті.

Оқыс оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер отбасының басқа мүшелеріне алғашқы көмек көрсетіп, кешкі асты зерттеуге алып кеткен.

Айта кетейік, колбаса маусым айында сатып алынғандықтан, оны сатқан адамдар жауапкершілікке тартылмайды.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!