Ақтауда атышулы іске қатысты сот үкімі шықты

0

Жанжал кезінде жеке көлігінде сүйіктісін жіппен буындырып өлтірген қаскүнем он бір жылын колонияда өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылдың қыркүйегінде сүйіктісін буындырып өлтіріп, мәйітін қала сыртындағы арыққа тастаған Ақтау қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды.   

Қоғамдық резонанс тудырған қылмыс 2019 жылдың 18 қыркүйегінде жасалған, деп хабарлады inaktau.kz ресурсы.

Марқұмның анасы қызы үйге түнеуге келмеген соң дабыл қаққан. Ол келесі күні таңертең полицияға арызданған. Біраз уақыттан кейін жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу аяқталғаннан соң іс сотқа берілді.

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша кінәлі деп танылып, оған он бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушы жәбірленушінің өкіліне алты миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ал материалдық залалды өтеу есебінен 3 миллион 513 мың 520 теңге өндіріп алынды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 18 қыркүйекте ер адам өзінің сүйіктісін жұмыстан алып кетіп, бірге дүкенге азық-түлік алуға барған. Жолда араларында жанжал шыққан.  

Қалыңдығын өлтірген жігіттің ісіне қатысты тың дерек шықты – видео 

33-ші шағын аудандағы «Дина» гипермаркетінің жанындағы автотұрақта жастар ұрсысуын жалғастырған. Жанжал кезінде ер адам алдыңғы жолаушы орындығында отырған әйелдің мойнына жіп салып, оны буындырып өлтірген.

Айыпталушы қылмыс ізін жасыру үшін қала сыртына шығып, мәйітті Жетібай ауылына жақын маңдағы арыққа лақтырып кеткен.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушының адвокаттары апелляцияға берді. Үкімге наразылық білдірген жәбірленуші тарап та шағым түсірді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз