Ақсуда өрт салдарынан 54 жастағы ер адам көз жұмды

0

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Ақсу қаласында бес қабатты үйден шыққан өрттен 54 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті.

— Өрт Дөнентаев көшесіндегі бес қабатты үйдің төртінші қабатында орын алған, — деді ведомствада. – Оқиға орынынн ер адамның денесі табылды.

Екі көрші пәтердің тұрғындары зардап шекті. Қалалық емханаға газбен уланған зейнеткер мен 24 жастағы ер адам жеткізілді. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!