АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздікті Ресейден көру кімге тиімді

0

Саясаттанушылар наразылықтың астарынан «Ресейдің ізін» іздеуді биліктің ішкі қарама-қайшылықтарды мойындамай отырғанымен байланыстырады

АҚШ-та жаппай тәртіпсіздікке Мәскеу арандатып отыр, ал шеруге шыққандар «орыс әдістемесіне» сүйеніп полиция учаскелерін талқандап жатыр. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші Сьюзан Райс Ресейге осындай айып тақты. Дәлел ретінде ол өзінің тәжірибесі мен түйсігіне сенетінін алға тартты. Риа Новости тілшісі Галия Ибрагимова америкалықтардың әр істен «Ресейдің ізін» іздейтінін талдап көрді.

Наразылықтан тонауға дейін

Лос-Анджелестегі сауда орталықтары карантинге жабылған. Калифорния билігі оларды маусымда ашуды жоспарлаған болатын. Алайда бірінші болып оны мародерлер (тонаушылар) жасады. Қазір есігі сынған элиталық дүкендердің сөрелері бос тұр, тоналған. Ойран салғандар тұрмыстық техника, киім-кешек пен жиһаз, тіпті тамаққа дейін әкеткен. Полиция тікұшақ арқылы бүлікшілерді тоқтатуға тырысты, жоғарыдан су төкті. Бірақ жиналғандар тарай қоймады.

Полиция қызметкерлері ұстаған афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін наразылық танытқандар Миннеаполис, Вашингтон, Сан-Франциско, Портленд, Майами, Индианаполис, Филадельфия, Атлантта өрши түсті. Қайғылы оқиғаға тікелей қатысы бар адам қызметінен босатылды әрі қазір тергеуге алынды. Алайда наразылық білдірушілер тәртіп сақшыларын жазалуды ғана емес, АҚШ-та нәсілшілдікке қатысты жүйенің аяқталуын талап етіп отыр. Олар «әділдік жоқ болса – бейбітшілік те жоқ! Полицияның бассыздығына жол жоқ!» деп айғайлап жатыр.

Қолдарына Флойдтың өлім алдында айтқан: «Дем жетпей жатыр» деген сөзі жазылған плакат ұстап шықты. Жүздеген адам тас жолға жатып, оның соңғы сөзін қайталады. Бейбіт шеру тез арада қақтығысқа, кейін жаппай тәртіпсіздік пен тонауға ұласты.

Ірі қалаларда енгізілген комендаттық сағат көмектеспеді. Вашингтонда наразылық білдіргендер Ақ үйді қоршап алып, ішіне кіруге тырысты. Нью-Йоркте бір топ адам тас атып, жиырма полиция көлігін өртеп жіберді. Портлендте олар сот ғимаратын отқа орады.

Азаматтық қоғамға төнген қауіп

Бастапқыда АҚШ-та көптеген адамдар демонстранттарға қызыға қарады. Жергілікті билік бастапқыда арандатушыларға назар аудармауға тырысты, полицейлерді күш қолданбауға шақырды. Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тез тұтанғыш қоспасы бар шөлмектер ұшқан кезде шыдамдылық танытып тұра алмады.

Миннесота губернаторы Ұлттық гвардияны штатқа енгізді, әскери көмек Лос-Анджелеске де жетті. Олар көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтар қолданды.

«Миннеаполисте болған жағдай Флойдтың өліміне байланысты емес. Ойран салу азаматтық қоғамға қауіп төндіреді және үрей тудырып, қала өміріне кедергі келтіреді», – деді губернатор Тим Вальц.

Дональд Трамп жағдайға одан да қатаң баға берді. Президент Флойдтың өлімін «америкалықтардың үрейін тудырып, қайғыға душар етті және ашу шақырған трагедия» деп айтты.

Жексенбіде қауіпсіздік қызметі мемлекет басшысын Ақ үйдің жер асты бункеріне жіберді. Ол жерден қауіп кейілгеннен кейін ғана шыға алды.

Кінәліні іздеу жолында…

Тәртіпсіздік болған жерден дереу «Ресейдің ізі» табыла кетті. «Өткен сайлауалды науқанда да ресейліктер қара белсенді болып шыға келді. Олардың тәртіпсіздікке қатысы бар», – деп хабарлады CNN телеарнасынан Жаңа Орлеан мэрі Марк Мориал. Алайда 2016 жылы өткен сайлауға Ресейдің еш қатысы жоқ екені бірнеше жылдық тергеуден кейін расталмағаны жайлы тіс жармады.

Бірнеше күн өткен соң бұл эстафетаны Барак Обаманың ұлттық қауіпсіздік әкімшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райс іліп әкетті. Ол да CNN телеарнасынан жаппай тәртіпсіздік «ресейлік әдіс бойынша» әрекет етті деп болжады.

«Бейбіт демонстранттар бар. Олар әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы шығады. Бірақ наразылықтарды күн тәртібінде ұстауға тырысатын арандатушылар да бар. Менің тәжірибем маған тактикалық схемалардың орыс жинағы бойынша әрекет ететінін айтады», – деді Райс.

Ресейдің қатысын іздестіруге тырысқан америкалық БАҚ Мәскеудің атына тағылған тағы бір айыптауды еске алды. Бірнеше жыл бұрын Вашингтон ресейлік хакерлер Black Lives Matter қозғалысын қолдайды деп мәлімдеді. Оның белсенділері де полицейлердің озбырлығына қарсы шықты.

Осы тұста Трамп та шетте қалған жоқ. Президент «Ресей ізі» туралы пікірталасты сынға алды. Мемлекет басшысы CNN телеарнасы мұны рейтинг үшін жасап отыр деген болжам жасады.

Мәскеу де үнсіз қалмады. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің «Америка ісіне ешқашан араласпағанын және қазір де араласпайтынын» алға тартты.

Американың поляризациясы

Американың қоғамы өте қатты поляризацияланған. Еуропалық және халықаралық кешенді зерттеулер орталығы ҰЗИ ЭЖМ директор орынбасары Дмитрий Суслов наразылықтың жаппай сипатын былай деп түсіндірді.

«Америкалықтардың бір бөлігі либералды құндылықтарды ұстанады, бір бөлігі консервативті. Эмиграцияны жақтаушылар бар, арасында Мексикамен ортаны бөліп тұратын шекараның құрылысына қолдау білдіреді. Бұған глобалистер мен протекционистер қақтығысын қосыңыз. Миннеаполистегі оқиға нәсілдік мәселені еске салды. Ақтар өмірге біте қайнасып кетті, ал қара нәсілділер қоғамның толыққанды бір бөлігі бола алмады», – деді Суслов РИА Новости агенттігіне.

Саясаттанушы «Ресейдің ізін» іздеуді биліктің ішкі қарама-қайшылықтарды мойындамай отырғанымен байланыстырды.

«Америкалық элита қоғам сау деп санайды. Барлығын Трамп пен орыстар бұзады. Егер Трампты алып тастап, «Ресей ізін» жойса, ел қалпына оралады. Бірақ қалалардағы шерулер бұл норманың бұрыннан жоқ екенін көрсетеді. Ешкім де күрделі реформалардың қажеттілігін мойындамайды», – деп пайымдайды Суслов.

Саясаттанушы Райстың мәлімдемесін сайлау алдындағы науқан деп қабылдау керек екенін айтты.

«Бұрынғы шенеунік Джо Байденнің командасына кіруді жоспарлап отыр деп болжауға болады. Мәскеу атына айып тағу – бұл Кремльмен бірге әрекет ететін Трампқа жасалған демократтар қысымының жалғасы», – дейді сарапшы.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз