АҚШ-тағы наразылық: Калифорнияда полицей халық алдында тізе бүкті

0

Миннеаполисте полицей іс-әрекетінің кесірінен 46 жастағы афроамерикалық Джордж Флойд көз жұмды. Осыдан кейін АҚШ-тың көптеген қаласында наразылық акциялары басталды

Калифорнияда бірнеше полицей наразылық білдірушілердің алдына шықты, тәртіп сақшысының бірі тізерлеп отырып, олардың бірін құшақтаған кезде қалғандары шулап қоя берді. Ал Брентвуд полициясының офицері Том Хансен сөз сөйлеп, халықтың талабы жерде қалмайтынын айтты.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етіп жүрміз. Осы жерге келіп, бізді қабылдап, барлығын дұрыс жасап жатырсыздар. Біз мұны құрметтейміз, сіздердің айтқандарыңызды естіп, өзгерту енгізгелі жатырмыз», – деді ол.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз