АҚШ-та ұсталған қазақстандық әйелдердің сот отырысы қашан болады?

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

84 0 0

Алаяқтық ісі бойынша әр елден келген 20 адам жауапқа тартылып жатыр

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. АҚШ-та көлік сату саласында алаяқтық үшін айыпталған қазақстандықтардың ісі бойынша кезекті сот тыңдауы 2019 жылы ақпан айында өтеді.

«Алғашқы сот отырысы жазда болды. Бұл іске әр елден келген 20-дан астам адамның қатысы бар болғандықтан тергеу тағы біраз уақыт беруді сұрады. Сол себепті келесі тыңдау 2019 жылы ақпан айында болады», — деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Дипломат атап өткендей, Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы бас консулдығының көмегімен Қазақстанның үш азаматы да қамауға алынған жоқ. Әйелдер ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп, кепілдікпен босап шықты.

Қазақстандықтар не үшін айыпталып жатыр?

АҚШ-та Қазақстанның үш азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Нью-Йоркте Диора Әшірова, Әзиза Джалолова және Елена Құдайбергенова ұсталған болатын. Әйелдер 20-дан 30 жылға дейін жаза мерзіміне кесілуі мүмкін. Болжам бойынша, олар сирек кездесетін көлік сату туралы хабарландыру таратып, ақшаны алған соң, ізін жасырып отырған екен.

Айыптаудың мәліметі бойынша, аталған азаматтар мүше болған халықаралық қылмыстық топ алаяқтықпен 4,5 миллион доллар ақша тапқан.

Қазақ жігіті АҚШ-та бай әйелдің басын айналдырып алды