АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге құлады

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Әуе апаты салдарынан бір адам көз жұмды, Су-Фолс қаласының бірнеше тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. АҚШ-тың Су-Фолс қаласында жеңіл қозғалтқышты ұшақ қаладағы тұрғын үй орамдарының біріне құлады. Салдарынан ұшқыш көз жұмып, бірнеше үй өртенді.   

Алдын ала мәлімет бойынша, құрбандар саны артуы мүмкін, деп жазды Argus Leader.

Трагедия орнында мамандар құтқару жұмыстарын жүргізді, төрт үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

Төтенше жағдай дерегі бойынша АҚШ ұлттық көліктегі қауіпсіздік кеңесі тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.  

 

 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз