АҚШ-қа көшіп жатқан қазақстандық әйел өзінің зейнетақы жинақтарын бірден ала алмайтынына наразы болды – Қазақстан жаңалықтары

0

Назира Дүйсенова зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан ала алмай жүр. Ол күйеуі екеуі Америкаға көшіп бара жатыр екен. Зейнатақыдан алған қаражат шет елде қажет болады деп үміттенген еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнасына» сілтеме жасап.

зейнетақы

Назира Дүйсенова күйеуімен Америкаға көшіп бара жатыр. Ол жақта туған тұрады екен. Ерлі-зайыптылар өздерінің зейнетақы жинақтарын алмақшы болыпты. Алайда, екі миллионға жуық қаражатты ала алмаған.

«Ол біздің өзіміздің ақшамыз емес пе? Зейнетақыға өзіміз салдық. Кейін зейнетке бұл жақта шықпаймыз. Өйткені біз Қазақстан азаматынан шықтық», – дейді Назира.

Зейнетақы қоры шетелге көшкендер егер сол елдің азаматтығын растайтын куәлігі болса, зейнетақы жинақтарын ала алатынын айтады. 

«Ең алдымен көші-қон қызметінің қағазы және салымшының сол елдің азаматтығын алғаны туралы құжаты керек. Соданк кейін ғана БЖЗҚ-ға сол құжаттарымен келеді», – дейді Алматы қаласындағы БЖЗҚ акционерлік қоғамы филиалының директоры Нұрлан Әмренов. 

Ары-бері жүрмес үшін құжаттарды сенім хат арқылы немесе поштамен жіберуге болады. Алайда кейбір жағдайларда өз зейнетақы жинағын алып кеткен қазақстандықтар кейін елге қайтып оралып жатады екен. Бірақ Назира Америка азаматтығын тек 5-6 жылдан кейін алған жағдайда не істеймін деп уайымдауда. 

«Америка маған азаматтығымды бес-алты жылдан кейін ғана беруі мүмкін. Ал оған дейін Қазақстан заңдары өзгеріп кетсе, содан кейін сіз шетел азаматысыз деп маған бермей қою да мүмкін ғой», – дейді Назира.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз