АҚШ президенті Трамп Елизавета патшайыммен кездесті

0

3 маусымда Лондонда Ұлыбритания патшайымы Елизавета II мен ханзада Чарльз АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Мелания Трампты Букингем сарайында қабылдады.

BBC сайтының хабарлауынша, патшайым Трампты салтанатты түрде күтіп алған.

3 маусымда Дональд Трамптың Ұлыбританияға үш күндік сапары басталды. Мемлекеттік сапары кезінде Трамп Brexit (Брекзит) мәселесі бойынша қарсыластарымен келісімге келе алмай, қызметінен кететінін мәлімдеп қойған премьер-министр Тереза Мэймен де кездеспек.

Бұған дейін АҚШ президенті 2 маусым күні Вашингтон мен Лондон қарым-қатынасының келешегі туралы пікір білдіріп, Мэйдің орнына Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Джонсон «лайықты» кандидат деген. Ол «Мэйдің орнына келетін жаңа премьер-министр Еуропа одағының бұған дейін Лондон ұсынған шарттарға көнуін талап еткені жөн, болмаса биыл қазан айында Еуропа одағынан еш келісімсіз шығып кету керек» деп кеңес берген.

Сапарының соңғы күні Трамп Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануель Макронмен бірге Ұлыбританияның оңтүстігіндегі Портсмут қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылатын шараға қатыспақ.

Одан кейін Трамп Ирландия мен Францияға барады.

Azattyq