Ақпараттық продюсерлік ету тәжірибесі – SputnikPro мамандық құпиясын ашады

0

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы ақпаратқа продюсерлік ету жөнінде вебинар өткізеді. Оған қазақстандық журналистер, блогерлер, продюсерлер және медиа сарапшылар шақырылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. 5 маусымда сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) «Ақпараттық продюсерлік ету тәжірибесі: кейіпкерлерді іздеу, жабық аумаққа ену және мамандықтың басқа да құпиялары» деген тақырыпта SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессиясы өтеді.   

Сюжеттің тақырыбын қалай таңдау керек? Журналистік материалдың кейіпкерін тауып, онымен сөйлесу үшін не қажет? Түсірілімге қайда рұқсат береді және егер бас тартса не істеу керек? Федералды телеарнаның продюсері Елена Воронцова қатысушылардың осы және басқа да сұрақтарына жауап береді.

Елена Воронцова – 15 жылдан астам тәжірибесі бар медиа сарапшы (ток-шоу, деректі фильмдер, федералды телеарнаның жаңалықтар қызметі). Ол «Пусть говорят» (Бірінші арна), «Главный герой» (НТВ), «Степаныч» деректі фильмі (НТВ), «Ты супер!» халықаралық балалар вокал конкурсы (НТВ), «Вести» (Россия 1 арнасы) және тағы басқа бағдарламаларға продюсерлік етуге қатысқан.

Модульге қатысу үшін қазақстандық журналистер, блогерлер, продюсерлер мен медиа сарапшылар мына сілтеме арқылы тіркеле алады.

SputnikPro «онлайн-маусымы» наурыз айының ортасында ашылды. Қатысушылар бір-біріне чатқа хабарлама жіберіп, нақты уақыт режимінде пікірін ортаға сала алады.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.



sputniknews.kz