Ақпарат министрі арнаулы жиындарға кімдерді шақыру жоспарланғанын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президенттің әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Әскери міндетті азаматтарды шақыру қағидаттары туралы:

Қажет болған жағдайда ғана шақыру. 

Мемлекет күші жеткілікті жерлерге әскери міндетті адамдар шақырылмайды;

Өз еркімен баратын адамдарға басымдық беріледі; 

Қабылдау кезінде жасы, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы сияқты барлық факторлар ескеріледі;

Жұмыс істеушілердің жалақысы сақталады. Жұмыссыз азаматтарға төлемдер болады.

Қызметте тәулік бойы болу қажет емес. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін үйіне қайтады;

Олардың барлығы медициналық бақылаудан өтеді және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

 

stan.kz