Ақмола облысында үйден бес адамның мәйіті табылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Саяжай үйі мен шаруашылық құрылыс нысаны толығымен жанып кетті. Жалын жиырма сегіз шаршы метрге шарпыған

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Степногорск қаласының шетінде орналасқан саяжай үйі толығымен жанып кетті. Оның ішінен бес адамның мәйіті табылды, екеуі – бала.

Түнгі сағат 01:00-дің шамасында тұрғындар саяжай үйінен шығып жатқан өртті көріп, бірден өрт сөндіру қызметін шақырған. Сол кезде үйдің жанындағы қора да өртке оранған, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео

«Тілсіз жау 28 шаршы метрге тарап үлгерген. Оқиға орнында бес адамның мәйіті табылды. Олар – 1955 жылы туған әйел, 1976 жылғы ер адам, сондай-ақ, 2013 және 2015 жылғы балалар. Бұдан бөлек, тағы бір адамның мәйіті шықты. Оның кім екені анықталып жатыр. Өрт кезінде саяжай үйі мен шаруашылық құрылыс нысаны толығымен жанып кетті», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов.

Оның айтуынша, саяжайда газ болмаған. Электр желісі де тартылмаған. Сондықтан қазіргі болжам бойынша өрт қауіпсіздік шараларын сақтамаудан шыққан. Өртті толығымен ауыздықтауға екі сағат кеткен.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз