Ақмола облысында коронавирус індетінен бір адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирустан қаза болғандардың саны 12 адамға жетті. 110 адам ауруханадан жазылып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты ақпарат шықты
«Науқас 1936 жылы дүниеге келген», — деп жазылған хабарламада.
Осылайша коронавирустан қаза болғандардың саны 12 адамға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 1,
- Алматы қаласы – 2,
- Шымкент қаласы – 1,
- Ақмола облысы – 4,
- Шығыс Қазақстан облысы – 1,
- Қарағанды облысы – 1,
- Павлодар облысы – 1,
- Түркістан облысы – 1.
Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 979 адам коронавиру жұқтырды, оның 110-ы жазылып шықты.
sputniknews.kz