«Ақ жол» партиясы өз үміткерін ұсынды

0

«Ақ жол» демократиялық партиясы алдағы президент сайлауына өз кандидатын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір — Sputnik. «Ақ жол» демократиялық партиясынан алдағы президент сайлауына Дания Еспаева түседі. Бұл туралы партияның съезінде белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дания Еспаева президентікке ұсынылып отырған төртінші кандидат. 

Ол әртүрлі жылдары «Әлем банк» Ақтөбе облыстың басқармасы кредит бөлімінің бас маманы, несиелеу бөлімі басшысының орынбасары, «БТА банк» АҚ корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары,  «БТК Банк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2016 жылдың наурызынан бері – мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Банк жүйесінде 1982 жылдан бері жұмыс істеген, бұл саладағы жалпы еңбек өтілі 34 жылды құрайды.

Қазақстан президенттігіне үміткерлер

Айта кетсек, бірінші болып «Ұлы Дала қырандары» республикалық қозғалысы президентікке жазушы, журналист Сәдібек Түгелдің кандидатурасын ұсынған болатын. 23 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік партиясы атынан сайлауға түсетіні белгілі болды.

Ал ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан экс-депутат, Батыс Қазақстан облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспихов бағын сынап көрмек. 

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар Назарбаевқа сайлауға түсуін сұрап хат жазып жатыр

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде тіркелген саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

Кезектен тыс президент сайлауына үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлінетін болды. Қаржының негізгі бөлігі республика бойынша құрылатын 10 мың сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталмақ.

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Президенттікке кандидат тумысынан Қазақстан азаматы, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы болуы тиіс. 

Бұған қоса, президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.

Сондай-ақ, Қазақстан президенттігіне кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз