Ақ нәсілді америкалықтар тізерлеп тұрып жылдар бойы көрсеткен нәсілшілдік үшін кешірім сұрады — Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-тың Хьюстон қаласының тұрғындары 31 мамыр күні жиналып қара нәсілді марқұм азамат Джордж Флойдтың рухына дұға бағыштады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тізерлеп

Дұға жасау барысында ақ нәсілді америкалықтар тізерлеп тұрып жылдар бойы танытқан нәсілшілдік үшін кешірім сұрады. Бұған жауап ретінде қара нәсілді азаматтар да олардың кешірімін тізерлеген күйде қабыл алып, дұға етулерін жалғастырды. 

Айта кетерлік жайт, бүгінгі күні АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полицейлердің қатыгездігінен Джордж Флойд қаза тапқаннан кейін мемлекеттің аумағындағы толқулар басылар емес. Полиция қызметкерлеріне қарсы шерулер Лос-Анджелесте, Сан-Францискода, Денверде, Нью-Йоркте, Индианаполисте, Бостондп, Детройтта өтіп жатыр. АҚШ үкіметі өз кезегінде кез келген полицейлерге жасалған шабуыл немесе басқа да дөрекелік ішкі терроризм ретінде есептелетінін мәлімдепті. 

 

stan.kz