Аптап ыстық коронавирустан сақтайды ма? Бекшин жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы ыстық ауа райы коронавирустың таралу деңгейін азайтады ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады

«Коронавирус инфекциясы тыныс алу жолдары арқылы кіреді. Вирус адам ағзасына тері арқылы емес, шырышты қабық арқылы енеді. Адам қолына вирус тиген жағдайда аузын, мұрнын, көзін жиі ұстайды. Халықаралық жаңалықтарды көрсеңіздер, барлығы көзәйнек тағады. Ол көздің шырышты қабығын қорғау үшін тағылады», – деді Бекшин.

Бұған қоса қаланың бас санитар дәрігеріне «коронавирусты күн сәулесі жоя ма» деген сұрақ қойылыпты. 

«Бұл мәселе бойынша толық дәлелді зерттеулер жоқ. Тұмау вирусы сәуір-мамырда бәсеңситінін білеміз. Ауа температурасы көтеріліп, күн жылынғанда тұмау вирусы әлсірейді. Ал коронавирус инфекциясына келсек, климаты ыстық елдер Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістан елдерінде қазір вирус өршіп тұр. Тіпті қазір Алматының өзінде +30 градус ыстықта жұқтыру көрсеткіші төмендер емес. Вирусқа ультракүлгін сәуле ықпал ете алмайды. Сондықтан, жабық бөлмеде ұзақ отыруға болмайды», – деді бас санитар дәрігер.

Бұған дейін Бекшин Алматыда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз