«Анама көмектескім келеді»: Қарағандыда 13 жастағы жеткіншек түскі ас жеткізумен айналысады

0

Қарағандылық 13 жастағы Алдияр кешенді түскі ас жеткізумен айналысады. Еңбекқор жеткіншек осылайша анасына қолғабыс етіп жүр, отбасының басты мақсаты – баспаналы болу, себебі қазір олар жалға алынған пәтерде тұрып жатыр. Жеткіншектің еңбекке деген ерекше ықыласы мен анасына көмектесуге деген ниеті желі қолданушыларын тамсандырып үлгерген. Алдиярдың өзі Инстаграм желісінде парақша ашқалы бері жұлдызға айналғанын айтады. Stan.kz редакциясы Алдияр мен оның анасы Анарамен әңгімелесті.

Анара үш ұл бала тәрбиелеп отыр. Мамандығы – аспазшы. Мектеп асханасынан бастап, мейрамханаларға дейін жұмыс істеген.

«Мектеп кезінде 5-сыныпта оқып жүргенде ата-анам кешке дейін жұмыста жүргенде тамақ істеуді бастадым. Анам мені кәсіби мамандық алып шығу үшін аспазшы курсын оқуға жіберді. Ресми түрде аспазшы болып жұмыс істеп жүргеніме он жыл болды: мектеп асханасынан бастап мейрамханаға дейін істеп келдім», – дейді ол.

Анара тағамды жалғыз өзі дайындайды.

«Мұнда жақын құрбым көп тәжірибесімен бөлісті, ұсыныстарын айтып, тауарды сатып алуда кеңестерімен бөліседі», – дейді ана.

Осылай табыс табу үйдегі үлкен ұлдың идеясы болған екен. Ал ортаншысы – Алдияр – тағамды тасумен айналысады.

«Үш ұлым бар: үлкені – 26 жаста, медицина саласында педагог, ортаншысы – Алдияр, 7-сынып оқушысы, кішісі –  Достан, биыл бірінші сыныпқа барады. Үлкен ұлым бізді Павлодардан көшіріп әкелді. Қазіргі уақытта азық-түлік, пәтер, коммуналды төлемдердің барлығы өз мойынына алды. Менің тәжірибеме байланысты ұлым осында тамақ жасаумен айналысуды ұсынды, клиенттеріміз – ұлымның достары, rr.pro шеберханасы болды. Алдияр тағамдарды сонда тасумен айналысатын болды», – дейді үш баланың анасы.

Айтуынша, балаларға тағамдар ұнап, компания басшысы мен ұлымның досы Алдиярға көмек болсын деп цехте жеңіл қоқысты тазалауда жұмыс ұсынды. Осылайша бірлесіп жұмыс істеп бастадық, дейді ол.

«Осыдан кейін бір аптадан соң rr.pro дәмді тағам жайлы идея ұсынды, бізге басқа клиенттер табуға көмек болсын деп, Инстаграмда реклама жасады. Бұған көп адам кері байланысқа шығып, біреулер қаржылай, енді біреулер жылы сөзбен қолдауларын білдіріп жатты. Осындай үлкен қолдау болады деп ойлаған жоқпыз. Тек Қазақстаннан ғана емес, шетелден де көмек көрсетіліп жатыр», – дейді әйел.

Алдиярдың өзі анасына көмектескен ұнайтынын айтады.

«Маған анама көмектескен қатты ұнайды. Басты мақсатымыз – үй сатып алу», – дейді жеткіншек.

Айтуынша, бастапқыда ол клиенттерге түскі асты автобуспен жеткізіп отырған. Қазіргі уақытта rr.pro қолдауымен өңірлік таксилермен келісіп, бір ай оны тегін жүргізетін болған.

13 жаста болсам да, еңбектен қорықпаймын, дейді жеткіншек. Қазіргі уақытта ол цехте жеңіл қоқыстарды тазалап жұмыс істеп жүр.

Отбасы Қарағанды қаласының орталығында жалға алынған пәтерде тұрады.

https://www.instagram.com/p/CCNVKlaBawx/?utm_source=ig_embed

 

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз