Анализ тапсыра алмадым: Бейжіңнен ұшып келген қыз вирусқа қарсы қауіпсіздіктің төмен екенін айтады – Қазақстан жаңалықтары

0

Евгения Юрченко есімді азаматша facebook парақшасында Бейжіңнен келген қызын күтіп аларда таралып жатқан вирусқа қарсы қауіпсіздіктің өте төмен екен жазады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

 

Желі қолданушысы Қытайдан келіп жатқан рейстегі жолаушыларды тексеру «қысқа қойылым» сияқты дейді. Оның айтуынша келген жолаушыларды жіті бақылау жоқ. 

«Біріншіден, ұшып келген ұшақта ( жолаушылардың жартысынан астамы қытайлықтар болды) қатарлар арасында тепловизормен аралап, әр жолаушының температурасын тексермей, қысқа «спектакль» көрсетті. Өзін қалай сезінетіндігі және аурудың қандай да бір белгілері туралы ешкім сұраған жоқ! Жолаушылар туралы жалпы ақпаратты толтыру үшін сауалнамалар таратылды», – деген Юрченко осымен тексеру жұмыстары біткенін айтып ашынды. 

«Екіншіден, коронавирус беймәлім түрде өтуі мүмкін болғандықтан, біз өзіміз қан тапсыруға шешім қабылдадық. Алдын ала кеңесіп  алғаннан кейін әуежайдан бірден Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3 мекен-жайы бойынша Ұлттық сараптама орталығына бардық», – дейді азаматша. Ұлттық сараптама орталығында жеке тұлғалардан сараптама алуға тиым салынғанын айтып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберген. Ол жақта бізден қан алып, нәтижесін Ұлттық сараптау орталығына жіберетінін айтып шығарып салғанын айтады жазбасында. 

«Қабылдау бөлмесіндегі дәрігерлер бізді көргенде көздері шарасынан шығып кете жаздады. Өйткені олар ауру белгісі бар адамдарды ғана қабылдайды екен. Бізге қайда баруды ұсынды?Дұрыс. Ұлттық сараптама орталығына! Кейін біз оларға қазір ғана сол жақтан келіп тұрғанымызды айтып түсіндірдік. Олар біздң тұрғылықты жері бойынша емханаға жіберді. Бірақ бүгін сенбі – емханада тек кезекші дәрігер ғана бар», – деп жазған азаматша ауруханадан коронавирус бойынша сенім телефонын (1406)  көріп, хабарласқан.

«Бізді мұқият тыңдап, кез келген жеке медициналық мекемеге жүгінуге кеңес берді, онда ақылы негізде қан алуы керек екенін түсіндірді. Содан «Достармед» клиникалық орталығына бардық. Бізді терапевтке жібереді.  Ол бізге Алматы қаласындағы жекеменшік медициналық мекемелердің ешқайсысында қанда вирус бар-жоғын анықтап бере алмайтынын айтты», – деген желі қолданушысы Қытайдан келіп жатқан азаматтарды осылай «қарсы алатынына» іші күйетінін жеткізді. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз