Әміржан Қосанов дауыс берді

0

9 маусым түскі 12-лер шамасында Нұр-Сұлтандағы №56 сайлау учаскесінде «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан сайлауға түсіп жатқан Әміржан Қосанов дауыс берді.

Бұған дейін кандидаттар Амангелді Таспихов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жамбыл Ахметбеков, Төлеутай Рахымбеков және Дания Еспаева дауыс берген.

Азаттық сайлау учаскелерінен тікелей эфирде хабар таратып жатыр:

Оқи отырыңыз: Тоқаев елдегі наразылықтар туралы: Оның бәрінен хабарым бар

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

Жамбыл Ахметбеков – «Қазақстан коммунистік халық партиясы»;

Дания Еспаева – «Ақ жол» партиясы,

Әміржан Қосанов – «Ұлт тағдыры» қозғалысы.

Төлеутай Рахымбеков – «Ауыл» партиясы;

Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Қасым-Жомарт Тоқаев – «Нұр Отан» партиясы;

Сәді-Бек Түгел – «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы.

Сайлауға 1000-нан астам бақылаушы тіркелген.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз