Алуа Қонарова: Бәріміз қысқа белдемше кидік және одан жаман болған жоқпыз — Қазақстан жаңалықтары

0

Желіде тараға қысқа белдемшелі қыз туралы ролик көптің талқысына түсті. Бұған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен продюсер Алуа Қонарова да үн қосты. 

Алуа Қонарова

Желіде жол бойында көлік тоқтатып тұрған қыздың видеосы кең таралды. Желі қолданушылары ролик авторын айыптап, қызды жеңіл жүрістілігі белдемшесінен байқалмайды деген сын айтты. Енді бірі автордың түпкі мақсаты қазақ қыздарының жалаңаштанбауы деп ақтады. 

Роликке қатысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пікір білдірді. Ол мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында да, желіге салынған басқа видеолар да ешкімнің ар-намысына тимейтіндей тексеруден өту керек деп атап өтті. 

Бұған қатысты Ләйлә Сұлтанқызы желідегі оқырмандарына сауал тастады.

«Сұрақ қояйыншы. Мектепте, не студент кезіңізде мини-юбка кидіңіз бе? Мини-юбка — 10-15 см тізеден жоғары белдемше», — деп жазды ол.

Бұған қазақстандық продюсер Алуа Қонарова пікір білдірді.

«Бәріміз құдайға шүкір кидік мини-юбканы да, шортыны да. Бірақ одан жаман болған жоқпыз. Бұрыс жолға да түскен жоқпыз», — деп жазды ол.

«Әкеміз қатал болған мини юбка кигіздірмейтін», «Жоқ ағаларым рұқсат етпеді», «Студентпін әлі киіп көрмедім, мектептеде кимегем, әрі қарай да кигім келмейді», «Мұсылман болғандықтан, қазақ болғандықтан қысқа белдемше бізге тән емес», «Иә, киіп көргенмін, қазір де киіп жүрмін», «Бойым қысқа болғандықтан мини кием», «Мини белдемшеде тұрған не бар? Қыздың жақсы не жаман жолға түсуі оған қарамайды», деп жазды желідегілер.

«Өте шынайысыздар ғой, өте. Алдыңғы посттағы мини-юбка туралы пікірлеріңізді оқып, әбден күлдім рақмет. Әсіресе бір апамның ойы «өтті», тауып оқып шығыңыз. Сол бір роликке уақыт құртып, талқыла талқылама, бір ғана дүние анық. Басқаны қайтесіз өз өміріңізді әйәййй қылумен айналысыңыз, сол пайдалырақ», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

stan.kz