Алтынай Жорабаева: Біздің де ақшаға алатын көйлегіміз, ұшақ билетіміз, көмектесетін ағайынымыз бар — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақтың әнші қызы Алтынай Жорабаева көпшілікке өкпесін айтты. Әншілердің де халықтың бір бөлшегі екенін, одан бөліп жарып қарауға болмайтынын жеткізді. 

Алтынай Жорабаева кімге өкпелі? Әнші халыққа көп көмектесетін өнер адамдары екенін айтты.

«Қай кезде де әнші, жыршылардың абыройы түспеген. Ел басына күн туған шақты елді әншілер қолдаған. Ханға да хабарды ақындар, әншілер арқылы жеткізіп отырған. Әнші мен халық деп екі бөліп жүргендер бар? Әнші адам емес пе? Олар да халықтың бір бөлшегі. Көпке көп көмектесетін де әншілер. Күніге қаншама хаттар келеді. Көмек сұарушылар көп. Оның бәріне болмаса да, қолымыздан келгенінен көмектесемін. Оның бәрін жария қылып, мақтан үшін атып отырмаймыз. Бізді көйлегіміздің, әрі-бері жолымыз, жатар қонақ үйіміздің, сахнамыздың өзі ақша. Жалға аламыз, ұшаққа билет аламыз. Одан бөлек әр әншінің артында ағайын тұрады. Оның бәріне көмектесу міндеті бар. Бір ән ұсыну үшін қанша қаражат кетеді. Қазір бәрі рейтингтің құлы. Журналистер де іші-бауырыңа кіріп, сұхбат алады, да кемшілігіңді көрсетеді. Әншілер бөлек әлем емес, әншілер де халық», — деп жазды Алтынай Жорабаева парақшасында.

Бұған қолдау білдірген желі қолданушылары да, қарсылық танытқан тыңдармандар да табылды. 

«Әншілер Қарақат, Жеңіс, еңді Алтынай сіз жазып жатырсыз ?Қазіргі уақытта сыналып жатқан халыққа жақын болып жатқан мамандық ақ халатты дәрігерлер, мұғалімдер, полициялар дегендер әншілерге ұнамай тұр ма? Неге қайта қайта реніштерін білдіріп жатыр пост шығарып? Қазіргі уақытта әншілер елеусіз қалған соң ренжіп жатырма? Әншілер бәрі емес көпшілігі осы уақытқа дейін фонограммамен әндетіп халықты алдап келді, соған көз жұмып қарап келді ғой ренжімей? Димаш сияқты жер-жерді аралап жанды дауыспен әндетіп Қазақстаның атын шығарып және халыққа үнсіз небір миллиондарын аударып жәрдем беріп жатса да үнсіз отыр ешкімге ештеңе міндетсінбей. Мүмкін әншілер алдын ала ақталып жатыр ма? Халықтын шақыратын тойы қалай болады деп алдын ала ақталған сияқты болып көрінеді да. Халыққа қалай айтса да ренжи алмайды деп ойлаймын», — деді желі қолданушысы. 

«Алтынай ханым!Мұғалім халықтың арқасында жүрген жоқ, халықтың адам төзгісіз сөзі мен іс əрекетінің бəрін көтеріп жүрген бірден бір жауынгер секілді жүр. әншілер әкім қаралардың шоқпарын ұстап жүрген жоқ. Мұғалімнің көргенін ешкім көрмесін, ешкімнің басына бермесін!», деп жазды енді бірі. 

«Халықты кіналамай жанашыр ретінде жақсы жаздыңыз. Баяғы біз аңсап тыңдайтын әншілердің қадірі кетті. Себебі бірінші мәселе әлеуметтік желі арқылы қадір кетті. Роза Рымбаева сияқты әнге қатысты шығар болды. Артық кетіп не ішіп не жегеніне дейін салады ол дұрыс емес. Екінші мәселе халықтың сөзін сөйлемейсіздер», — деп жазды пікірін білдірген тағы бір қолданушы. 

«Орында айтылды, әнші де адам, айыптауға болмады», — деп жазды тағы бірі.



stan.kz