Алматыны айналып өту жолдары

0

Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Алматының кіреберісіне 27 блок бекет қойылып, жол жабылған болатын

АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматы облысы тұрғындары қаланы айналып басқа өңірлерге жол жүре алады. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі  тұрғындарға қаланы айналып өту картасын ұсынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Алматының кіреберісіне 27 блок бекет қойылып, жол жабылды. Картада Алматы – Бішкек, Алматы – Нұр-Сұлтан, Алматы – Өскемен және Алматы – Қорғас бағытындағы жолдың ашық екені көрсетілген. Барлығы 8 жол арқылы жолаушылар қатынай алады.

«Азаматтарды маршрутты алдын ала жоспарлап, реттеуге, төтенше жағдайлар мен карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтап, короновирус инфекциясымен күресу мен алдын алу шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — делінген департамент ақпаратында.

Айта кетсек, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылды.


©
Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы

Алматы облысы тұрғындары қаланы айналып басқа өңірлерге жол жүре алады

Соңғы мәлімет бойынша, елде 37 адам коронавирус жұқтырған, Алматыда – 19 адам, Нұр-Сұлтанда –18 адам тіркелген.
Республикада 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланды.

 



sputniknews.kz