Алматыға кіреберісте бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы сыртындағы блокпосттарда бірнеше шақырымға созылған кептелістер пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пробка

Әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері кептелістің фотосы мен видеосы тарап жатыр.

Қалалық полиция департаменті қалаға себепсіз кіріп-шығуды қоя тұруға кеңес берді.

«Бұл кептеліс карантин режимі бәсеңсіген соң пайда болды. Кей азаматтар карантин аяқталды деп санап, қалаға кіруге немесе шығуға талпынып жатыр. Карантин тек жеңілдеді. Блокпостан тек жедел штаб базасында аты-жөні тіркелген азаматтар ғана өте алады. Әр көлікті тексеруге біршама уақыт кететіні белгілі. Бұл шараның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр», – дейді ПД басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция департаменті кептелістен қашамын деп қарама-қарсы бетке шыққан жүргізушілер де әкімшілік жазаға тартылатынын ескертті.

 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз