Алматыдан кеткен тұрғындар екі апта үйде отыруға міндеттелді

0

Алматы қаласында жұмыс істейтін облыс тұрғындары мен қаладан шыққан азаматтар үй карантинінде болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Алматы қаласынан кеткен тұрғындар Алматы облысында екі апталық үй карантиніне орналастырылады, деп хабарлады өңір әкімдігі.   

«Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов  Алматы қаласы шекарасының жабылуына байланысты мегаполисте жұмыс істейтін облыс тұрғындары мен қаладан шыққан азаматтарды 14 күндік міндетті үй карантиніне алу туралы қаулы қабылдады», – деп жазылған хабарламада.  

Қол қойған құжат барлық кірген азаматты үй карантиніне орналастыруды міндеттейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері телефон байланысы арқылы хабарласу жолымен оларға бақылау жасайды.

Сонымен қатар осы қаулыда жүк тасымалдаудың талаптары туралы айтылған.

«Бүгіннен бастап тауарлар мен басқа да заттар герметикалық қаптамада тасымалданады және өңделіп, фумигациядан өткізіледі. Герметикалық қаптамасы жоқ жүктерді тасымалдауға тыйым салынған», – деп түсіндірді әкімдік.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге алынды.   

Қалалардың айналасында көлік қозғалысын шектейтін бақылау-өткізу пункттері қойылды. Ол жерлерде полицейлер, Ұлттық ұлан қызметкерлері, әскерилер мен дәрігерлер қызмет етіп жатыр.

Тек супермаркеттер, ауладағы дүкендер, азық-түлік базарлары, дәріханалар, ауруханалар мен емханалар жұмыс істеп тұр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз