Алматыдағы жантүршігерлік апат: 27 жастағы BMW жүргізушісі қаза болды

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

384 0 0

Ірі жол апаты салдарынан ер адам көз жұмды, тағы екі адам ауыр халде ауруханада жатыр

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Алматыда Момышұлы көшесінде, «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының жанында жаппай жол апаты болды. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, BMW көлігі Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Зауытқа жетер кезде жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетеді де, Hyundai i30 көлігімен бетпе-бет соқтығысады. Осыдан кейін BMW көлігі қайтадан бастапқыда келе жатқан жол бетіне ұшып кетеді. 


©
Sputnik /

Алматыда жаппай жол апаты болды

Соққыдан жолда кесе-көлденең тұрған Hyundai көлігіне Renault Logan соғылады да, жол шетіне ұшып кетеді. Солтүстік бағытта келе жатқан «Күзет» агенттігінің LADA Granta көлігіне де апатқа ұшыраған автокөліктердің сынықарынан зақым келген. 


©
Sputnik /

Жол апатынан 27 жастағы BMW жүргізушісі қаза болды

Жол апаты салдарынан 27 жастағы BMW жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды. BMW жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 

Бұдан бөлек, Hyundai жүргізушісі де зардап шегіп, ол ауыр хәлде ауруханада жатыр. 

Оқиға орнында мән-жайды анықтау үшін жол полициясы қызметкерлері, криминалистер жұмыс істеуде. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз