Алматыдағы карантин кезінде мешіттер жабылады – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда мешіттер карантин кезеңінде жабылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құрбан айт мейрамы қашан мерекеленеді?

«Карантин кезінде халықтың денсаулығын сақтау мақсатында барлық мешіттер уақытша жабылады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін төтенше жағдайда мешіттерде жұма және бес уақыт намаз оқылмайтыны белгілі болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықтан мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарап, отандастарымыздың денсаулығы үшін дұға етуді сұрады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті. Оның ішінде Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз