Алматыдағы ауруханада жүзден астам шетелдік жатыр – коронавирус — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматының Денсаулық сақтау басқармасы Қытай мен басқа да шетелдің 100-ден астам азаматының карантинде жатқанын растады. Ауру белгісі табылмаған 10 қытай ауруханадан шығып үлгеріпті. Карантинде жатқандардың арасында індет ушығып тұрған Оңтүстік Корея мен Иран азаматтары да бар. Белгілі болғандай, барлығы елімізге басқа мемлекет арқылы ұшып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

коронавирус

Оларды қала сыртындағы оқшаулау орталығына жапқан мамандар, арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ деп сендірді.  

«Алматыда Қытайдың  100-ге жуық азаматы карантинде жатыр» деген ақпарат әлеуметтік желіде желдей тарап, кешелі бері жұртты дүрліктірген. Ауруханада жатқандардың аты-жөні де жарияланды. Тізімде көрініп тұрғандай, барлығы мұнай, құрылыс компанияларының белді қызметкерлері. 

Десе де, коронавирусқа қарсы штаб басшысы бұл тізімдерді «жалған» деп отыр. Бірақ та, жүзден астам қытай мен басқа да шетелдіктердің каратинде жатқанын растады. Бәрінің де қауіпті аймақтан келгеніне қарамастан, олардан «еш қауіп жоқ» деп сендіреді мамандар.  

«Стационарда жатқан аурулардың барлығының да денсаулығы жақсы. Біз оларды тек медициналық бақылауда ұстап отырымыз. Олардың 14 күнге жақындағанда анализдері алынып, анализ қорытындысы бойынша ғана ауруханадан шығарылады», — Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

 Шетелден ұшып келген азаматтарды оқшаулау орталығында қазір 130 адам карантинде жатыр. Олар Қытай, Моңғолия, Иран, Оңтүстік Корея азаматтары. Арасында осы елдерде болып келген өз жерлестеріміз де бар.

 

stan.kz