Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін қонақ үйлер жабылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда полиция жезөкшелікпен айналысатын 183 әйелді анықтады. Олардың ішінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Украина азаматтары болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

бабочки

Алматыда жезөкшелікпен күрестің кезекті кезеңі 11 ақпанда басталған. Арнайы құрылған полиция тобы 183 жеңіл жүрісті қызды бөлімшеге жеткізді. Олардың үшеуі Ресей азаматшалары, бесеуі Өзбекстаннан, алтауы Қырғызстаннан және біреуі Украинадан. 11 қыз құжатсыз болды, олар ПД қабылдау бөліміне орналастырылды. 

«Кеше түнде арнайы құрылған жұмыс тобының қызметкерлері Жетісу және Түрксіб аудандарында әйелдердің интимдік қызмет көрсететін жұмыс орны деп аталатын екі қонақүйді анықтады.

Мәселен, біздің сапарымызда «Тупик» қонақ үйінде 13 жеңіл жүрісті қыз болды, олардың ішінде төртеуі қырғызстандық және үшеуі Өзбекстаннан. Рейд кезінде «Гниаз» қонақүйінде жезөкшелікпен айналысқан жеті әйел анықталды», – дейді полиция полковнигі Жанболат Зиадин, Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

Қонақ үй иелері жауапқа тартылды. Он күннің ішінде 58 адамға интимдік қызметтер ұсыну үшін бөлме бергендері үшін айыппұл салынды.

Полицияның жедел бөлімшесі осы жылдың басынан бері Алматыда адам саудасы саласындағы бес қылмыстың жолы кесілгенін хабарлады. Қылмыстық істерді Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы тексеріп жатыр.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз