Алматыда үш жарым мың медицина қызметкері қосымша төлем алады

0

Қаражат коронавируспен күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкерлерінің үш тобына беріледі деп хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 10 cәуір –Sputnik. Алматыда коронавирусқа қарсы күрес жүргізіп жатқан 3 557 медицина қызметкері қосымша төлем алады. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«500-ден астам дәрігер, 1 700 орта медицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері төлем алып жатыр. Қала бойынша 3 557 медицина қызметкері жалпы 965 миллион теңге төлем алады», – деді Әбілдаев.

Қаражат коронавируспен күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкерлерінің үш тобына беріледі. 

Бірінші топқа науқастарға медциналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері мен инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатады.

Екінші топқа провизорлық стационарлардың дәрігерлері, медициналық жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар қызметкерлері кіреді.

Үшінші топқа медициналық жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілері, зертханалардың мамандары, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жатады.

«Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлеріне төлемдер бірінші тәуекел тобының санатына сәйкес төленеді», – деп хабарлады Әбілдаев.

Айта кетейік, 10 сәуірде Алматы қаласында 1956 жылы туған әйелкоронавирустан көз жұмды. Республикада індеттен қайтыс болғандар саны тоғыз адамға жетті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз