Алматыда тергеуге көңілі толмаған марқұмның туыстары әділдік талап етті

0

Ес-түссіз бір ай комада жатқан келіншектің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері де болған.

Тергеуге көңілдері толмайды. Бүгін өз-өзіне қол жұмсады делінген Сайрангүл Лайысқызының туыстары қылмыстың ашылатын түрі жоқ деп шу шығарды. Алматы қалалық Полиция департаментінің алдына жиналған марқұмның жақындары тәртіп сақшыларының сылбырлығы шаршатты дейді. Бұл туралы zakon.kz, КТК телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Табыс Тәбәракұлы, С. Лайысқызының туысы: -Тергеушілер бұл жерде ешқандай жұмыс істемеген. Отырған үйінен көрпеден қан болған. Соның барлығы ашылмай жатыр. Ашылса ары қарай іс оңға басар еді. Қалалық департаменттен көмек сұрап отырмыз. Ісімізді ары қарай жолдап, жоғарыға жеткізу мақсатымыз.

Еске салсақ, осыдан екі апта бұрын Сайрангүл Лайысқызы ауруханада көз жұмған еді. Ес-түссіз бір ай комада жатқан келіншектің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері де болған. Кейін суицидке итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның туыстары өлімге күйеубалаларын кінәлап, тиісті жазасын алуын талап еткен-ді. Ал тәртіп сақшылары оқиғаның жіті тексерілмей жатқанына сот-медициналық сараптаманың дайын болмауы себеп дейді. Заң аясында жұмыс істейміз деген құзырлы орын өкілдері марқұмның жақындарына шамалы күтіп, жағдайды ушықтырмауын сұрайды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі: -Сот-медицицналық сараптама қолымызға түспей, қандай да бір процессуалдық әрекетті жүзеге асыру заңсыз болып табылады. Сот-медициналық сараптама бізге ең басты сұрақтарға жауап береді. Біріншіден, өлімнің себеп-салдарын анықтаймыз. Екіншіден, қылмыстың болу-болмауын анықтаймыз.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/