Алматыда тағы он сегіз дәрігер коронавирус жұқтырған — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы коронавирус ахуалы жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

врачи

«Алматыда 17 сәуірде коронавирус жұқтырғандардың саны 461-ге жетті. Бүгін тіркелген науқастардың арасынд 16 жастағы жасөспірім бар. Жұқпалы індетті орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, осы стационардың екі пациенті, медициналық жедел жәрдем қызметінің 1 жұмыскері, №7 қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, №12 Қалалық емхананың 2 қызметкері, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасының екі қызметкері және оқшаулау аймағындағы вирусы бар адаммен байланыста болған 44 адам анықталды», -деді басқарма басшысы 

«Бүгінгі күні мегаполистің жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке ала отырып, 392 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Бір пациенттің жағдайы өте ауыр, 4-уінің жағдайы ауыр, 92 адамның жағдайы орташа дәрежеде, 295 адамның жағдайы қанағаттанарлық.

Жалпы Алматыда СOVID-19 диагнозы 234 медицина қызметкеріне қойылған.

Оның ішінде:

Орталық қалалық аурухананың 193,

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 31,

№7 Қалалық клиникалық аурухананың 2,

Медициналық жедел жәрдем қызметінің 3,

№12 Қалалық емхананың 3 медицина қызметкері және

№11 бір қызметкері,  

№32 қалалық емханалардың бір қызметкері коронавирус жұқтырған. 

 

stan.kz