Алматыда самокат мінген қызды көлік қағып кетті: бала ауыр хәлде жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Он жасар қыз ауыр хәлде шұғыл ауруханаға жеткізілді. Жол полициясы қызметкерлері оқиға орнына шақырылды

АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Алматыда көлік жүргізуші самокат мінген он жасар қызды қағып кетті.

Жол апаты Манас көшесіне жетпей, Бұқар жырау көшесінің бойында болды.

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Volvo автокөлігі ауладан Бұқар жырау көшесіне шыққан. Осы кезде қыз жаяужолда батыс бағытта электросамокатпен келе жатқан.


©
Sputnik / Стрингер.

Алматыда самокат мінген қызды көлік қағып кетті

Жүргізуші қыз көліктерден баланы байқамай, оны қағып кеткен. Қыз қатты соққыдан асфальтке құлаған. Бала ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Жол полициясының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеді.  



sputniknews.kz