Алматыда қонақ үй атымен жасырынған үш секс-притонның жұмысы әшкере болды – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда қонақ үй атымен жасырынып, жұмыс істеп келген үш секс-притон анықталды. Олардың екеуі Түркісіб және біреуі Әуезов ауданында орналасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

притон

Аталған орындардың басшылары «түнгі көбелектердің» жұмысына бөлме беріп отырған. Олар қазіргі таңда жауапкершілікке тартылыпты. 

«Полиция қызметкерлерінің рейд нәтижесінде үш қонақ үйдің жұмысы әшкере болды. Бұған қоса шараларға СПИД-орталығының мамандары да тартылды», – деп мәлімдеді алматылық ПД-нің криминалды полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин. 

Жалпы алғанда полиция бөлімшесіне жезөкшелікпен айналысқан 30 әйел жеткізіліпті, олардың үшеуі Өзбекстан азаматы екен.

«Түнгі көбелектер» қонақ үйлерде олар біраз уақыт жұмыс істеп келген. Он күннің ішінде жеңіл жүрісті 245 бойжеткен ұсталыпты. Олардың ішінде үшеуі Ресей, алтауы Өзбекстан, тағы алтауы Қызғызстан мен біреуі Украина азаматтары. Жеке құжаты жоқтары абақтыға жабылыпты. 

притон

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз