Алматыда қойма өртеніп жатыр — видео

0

Бүгін таңертең Алматының Жетісу ауданында қоймадан өрт шықты

Қаланың төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлағандай, өрт 07.45-те Омаров көшесі, 14в/1 мекенжайы бойынша орналасқан қоймадан шыққан. Алдын ала мәліметке сүйенсек, мұнда лак және бояғыш заттар сақталады екен.

Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жауменн күресіп жатыр. Барлығы 15 көлік, 43 адам жұмыс істеп жатыр. Өрті сөндіруге тіпті тікұшақ та жұмылдырылған.

Тағы оқыңыз: Алматыда жойқын өрт болды — видео

Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.



sputniknews.kz