Алматыда қаржы полициясының 14 жылға сотталған бұрынғы басшысы босатылады

0

2017 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған, Алматы қаласы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев таяудағы айларда босатылуы мүмкін.

Бұл туралы КазТАГ жазды.

Еске салайық, 2017 жылдың ақпан айында Аманбаев 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған жалған кәсіпкерлікпен айналысты, қызметтік жағдайын пайдаланып ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызмет бабын асыра пайдаланды, парақорлыққа және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің басқа да баптарымен айып тағылған еді. 36 айыпталушы қылмыстық іске қатысты.

2020 жылғы 30 маусымда Жоғарғы Сот (СК) Алматы қаласы қаржы полициясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі  қайта қарады . Жоғарғы Сотта түсіндірілгендей, Аманбаевқа қатысты соттың үкімі кінәсіздік презумпциясының конституциялық принципін бұза отырып, айқын айыптаушылықпен қабылданды. Нәтижесінде Жоғарғы Соттың алқасы Аманбаевты Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бес жыл алты айға бас бостандығынан айырып, қызмет бабын асыра пайдаланудың бір эпизоды бойынша кінәлі деп тану бөлігіндегі үкімді дұрыс деп атады.