Алматыда қалың қар жауды: көшкін жүруі мүмкін

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Алматы көшелерін қар басып қалды. Қар күшейтілген режимде тазартылуда, ал құтқарушылар алматылықтарға таулар жаққа бармауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Алматыда қалың қар жауды. Қалада омбы қар биіктігі 15 сантиметрге, ал таулы аудандарда 25 сантиметрге дейін жетеді.

16 ақпан түнгі сағат үштен бастап қалада жаңбыр, одан кейін қар жауып жатыр, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көктайғақ болмас үшін қаладағы жолдардың барлығына арнайы материалдар себіліп жатыр екен.


©
Sputnik /

Алматыда қар жауды

«Таңғы сағат тоғыздағы жағдай бойынша, 3 073 тонна көктайғаққа қарсы материал қолданылған. Қар сағат 05:00-тен бастап тазартылып жатыр», — деп хабарлады әкімдік.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдары, автобус аялдамалары мен тұрақтар қардан тазартылуда. Барлығы 597 техника және 1 668 жұмысшы жұмылдырылған.



sputniknews.kz