Алматыда қала маңына жүретін автобустар жұмыс қайта бастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы аудандарға жүретін автобустар жолға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

автобус

«Карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты Алматы шекарасындағы блокпостар ашылды. Сондықтан, жолаушылар тасымалы бұрынғы жұмыс режиміне көшеді. Жұмыс уақыты кешкі 21:00-де аяқталады»,— деп мәлімдеді «Алматыэлектротранс» АҚ.

Қаскелең, Жандосов, Талғар, Алма арасан шатқалына шығатын 202, 212, 209, 210 автобустары жұмысын қайта бастайды.

stan.kz