Алматыда өртенген цехтің ішінен әйелдің мәйіті табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы Алатау ауданындағы жеке тұрғын үй аумағында бір қабатты ағаш цех өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Олардың ақпаратына сәйкес, өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру нәтижесінде жас әйелдің мәйіті табылды. Адам өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, Алатау аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында болады.
 

stan.kz