Алматыда медқызметкерлерге үстемеақы үшін 5,5 млрд теңге бөлінді – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда коронавирусқа қарсы 9 миллиард теңге бөлінген. Оның 5,5 миллиард теңгеден астамы коронавирусқа қарсы күресіп жатқан дәрігерлердің жалақысына қосымша үстемеақы ретінде қарастырылған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

теңге

Медицина нысандарының тізімін арнайы комиссия бекіткен. Оған сәйкес, сәуір айы үшін дәрігерлерге төленетін үстемақы 1,5 миллиард теңгені құрады.

«Маусымның біріндегі мәлімет бойынша, алматылық 5398 медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы ретінде 1,5 миллиард теңге төленді. Қазіргі таңда қалада эпидемияға қарсы іс-шараларға 86 денсаулық сақтау нысаны жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетсек, қосымша төлемдер денсаулық сақтау саласы қызметкерінің өміріне төндіретін қауіп деңгейіне қарай төленеді» , – деді ӘМСҚ Алматы филиалы басшысы Тілеухан Әбілдаев.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз