Алматыда мәйітхана алдындағы кезек жұртты шошытты (ВИДЕО)

0
Алматыдағы Қалқаман ықшам ауданында орналасқан мәйітхана алдындағы кезек кешеден бері толастар емес.
Жақыны сырқаттанып, ауруханаға түскендердің айтуынша, жан сақтау бөліміне жатқызылғандар бір-екі күннен кейін-ақ мәйітханадан табылып жатыр. Яғни, реанимациядан аман-есен шығып жатқандар өте аз.
Соның салдарынан екі күннен бері №7 ауруханасы аумағында орналасқан қалалық мәйітхананың алды ұзын-сонар кезек. «Алматы» телеарнасының тілшісі Жанат Айтенованың кеше қайынәпкесі қайтыс болып, бүгін сағат 10 жарымнан бері мәйітхана алдында кезекте тұр. Оның айтуынша, мұнда кезекте тұрған адамды санамағанда көліктің өзі 100-ден асады. Тіпті, кейбір адамдар туысының мәйітін 3 күннен бері ала алмай жүр екен. Ол ол ма, көбі түнімен көліктерінде қонған.
nege.kz