Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Зардап шеккен екі адам ауыр жарақат алды, көлік жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді

АЛМАТЫ, 31 мамыр — Sputnik.  Алматыда Момышұлы көшесінде жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 автокөлігі Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Осы кезде «Алматы Аренаға» жақын маңда жолдың рұқсат етілмеген жерінен жаяу жүргіншілер кесіп өтпек болған.


©
Sputnik / Стрингер.

Lexus жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жүргізуші тежегішті басқанмен, тоқтап үлгермеген. Автокөлік бар жылдамдықпен екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, салдарынан зардап шегушілер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.


©
Sputnik / Стрингер.

Зардап шегушілер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

Сондай-ақ, түрлі жарақат алған жүргізуші де жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында апаттың мән-жайын анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, криминалистер, анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

 

 



sputniknews.kz