Алматыда лаңкестікті жоспарлаған екі экстремист ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

2020 жылғы 14 ақпанда ҚР ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 өкіліп ұстап, сот санкциясымен қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

екі

Олардың мекен-жайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды.

Қамауға алынғандарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған.

Айта кетейік, тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

stan.kz