Алматыда коронавирустың 27 ошағы анықталды

0

Қала аумағында инфекция жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдарда инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты індеттің тоғыз ошағынан шектеу алынды

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Алматыда 31 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 27 ошағы бар. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

31 наурыздағы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, қала аумағында коронавирус инфекциясының 27 ошағы бар:

Әуезов ауданында 4 ошақ бар: «Жетісу-2» ықшам ауданы, 70а; «Мамыр-4″ықшам ауданы, 313; №6 ықшам аудан, 35; №1 ықшам аудан, 28;

Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы бар: «Заря-Восток»ықшам ауданы, Сары-ой көшесі, 234; «Ақкент» ықшам ауданы, 7; «Ақбұлақ» ықшам ауданы, 9; Жасыл желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121;

Алмалы ауданында 3 ошақ бар: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыда карантинге жабылған тұрғын үйдің маңы

Медеу ауданында инфекцияның 5 ошағы бар: Қонаев көшесі, 62; «Самал-3» ықшам ауданы, 25; Достық, 111/2; Достық, 116; Достық, 493;

Жетісу ауданында 4 жұқтыру ошағы бар: Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; «Құлагер» ықшам ауданы, 45; Борзов көшесі, 85;

Түрксіб ауданында 2 жұқтыру ошағы тіркелген: «Жұлдыз», 45; «Жұлдыз-1″ықшам ауданы, 13;

Бостандық ауданында 3 ошақ бар: Навои көшесі, 328; Клочков көшесі, 117; Навои көшесі, 310.

Наурызбай ауданында бір ошақ бар: Береке көшесі,1/97.

Сонымен қатар қала аумағында инфекция жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың инкубациялық кезеңінің аяқталуына байланысты індеттің тоғыз ошағынан шектеу шаралары алынды. Олар: Медеу ауданында: Зенков көшесі, 59; Достық көшесі,162; Гоголь көшесі, 75, Түрксіб ауданында: «Алтай-1» ықшамауданы, 8; «Жас Қанат»ықшам ауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63а; Жетісу ауданы:  Еңлікгүл көшесі, 34 а; Бостандық ауданы: Тұрғыт Озал көшесі, 242.



sputniknews.kz